Алматы облысында 11 мектеп қайта жаңғырады

Алматы облысында 11 мектеп пен бір балақшаға күрделі жөндеу жүріп жатыр.

Оның төртеуі жыл соңына дейін, ал қалғаны келесі жылы пайдалануға беріледі. Өңірді аралап жүрген депутат Жанарбек Әшімжан Белбұлақ ауылында жөндеу жүріп жатқан мектепке барды. Білім мекемесі 1960 жылы салынған. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Мұнда 600-ге тарта бала оқып келіпті. Нысан 640 орынға шақталған. Құрылыс келесі жылдың наурыз айында бітуге тиіс. Бірақ мердігер мекеме «осы жылдың соңына дейін аяқтап береміз», - дейді. Оған дейін балалар осы елді мекендегі бұрынғы ескі мектепте оқиды. Айта кетейік, ауданда үш аусымды мектеп мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Жаңа оқу жылында 43 мектептің бесеуі үш аусымда оқытуды жалғастырады.

Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Облыс бойынша ауданның білім бөлімдері оқуға 100 пайыз дайын екендіктерін айтып жатқан жағдайлар бар. Бірақ мен көрген кейбір жерлер біраз 2-3 айға дейін, бәлкім желтоқсанға дейін кешігетін орындар бар.

Ресми мәліметтердің жергілікті атқарушы билік сол қателіктерді шешіп дайындаймыз деп отыр.