«Ауыл» партиясы ауыл мектептеріне көңіл бөлді

Батыс Қазақстан облысында апатты және үш ауысымды мектептердің саны азаяр емес.

Күні бүгін өңірде 12 білім ордасы құлағалы тұрса, 9 мектепке бала сыймай жатыр. Соның бірі Подстепное ауылындағы №1 орта мектеп. 345 оқушыға арналған ғимаратта қазір мыңның үстінде бала оқиды. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, парламентке «Ауыл» партиясынан сайланған Серік Егізбаев аталған оқу орнының жағдайымен танысты. Жергілікті басшылар атап өткендей, келер жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауылда 1 200 орындық мектеп салу жоспарланған. Ауыл мектептерін аралаған халық қалаулысы өзге де өзекті мәселелерге назар аударды. Мәселен Теректі ауданында 40 мектеп болса, соның төртеуінде іште әжетханасы жоқ. Оқушыларға қолайлы жағдай қарастырылмаған.

Серік Егізбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Айтып жатырмыз қала мен ауыл арасындағы алшақтықты қысқартуымыз керек деп. Қаражат бір жерде жетіспейді, бір жерде су жоқ, әртүрлі себептер айтады. Бірақ біз оны түсінсек те талабымызды қоя береміз. Міндет қыламыз. Міндет тиісті министрлікке де, үкіметке де. Соның ішінде ауылдағы мектепке сондай проблемаларды шешуге біздің еліміздің, біздің экономикамыздың толық мүмкіндігі бар.