Солтүстікке өзге облыстардан 6625 адам қоныс аударды

Елде 559 пана іздеуші және 327 босқын тіркелген.

Оларды әлеуметтік жағынан қорғап, жұмыспен қамту керек. Медициналық көмек көрсету шаралары тағы бар. Бұған қатысты БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азиядағы аймақтық басқармасымен бірлесе тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин айтты. Оның сөзіне сүйенсек, ішкі миграция бойынша жұмыс күшінің жетіспеушілігі бар солтүстік өңірлерге биыл 6 мың 625 адам қоныс аударды. Ал сыртқы еңбек миграциясы бойынша шетелде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың саны нақтыланып, құқығы қорғалады. 

Ерболат Абулхатин, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары:

- Қазақстан азаматтарының еңбек мигранты ретінде елден кетуіне қатысты олардың құқығын қорғау. Біздің енді міндетіміз шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың заңды құқығының қорғалуын қамтамасыз ету. Осы бағытта Түркия, БАӘ, Корея, Ұлыбритания және басқа да елдермен екіжақты келісім шарт жасау бойынша жұмыстар қолға алынуда.