БҚО-да 24 отбасы баспаналы болды

Батысқазақстандық 24 отбасы қоныс тойын тойлады.

Теректі ауданы Жаңаөмір ауылындағы үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы 2021 жылы басталып, материалдар қымбаттауына байланысты біраз уақыт тоқтап қалған болатын. Енді міне ел игілігіне берілді.

Жалға берілетін пәтерлер жетімдер үйінің түлектеріне, көпбалалы отбасыларға, бюджеттік сала қызметкерлеріне бөлінді. Қалғандарының кілті мүгедектер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға тапсырылды.

Жалпы Теректі ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 1343 адам тіркелген. Қазір Тоқпай, Подстепной, Ақжайық, Теректі ауылдарында көпқабатты 37 тұрғын үй салынып жатыр.

Айғанша Алталиева, көпбалалы ана:

- 2017 жылы кезекке тұрдым. Содан бүгін қолым жетіп жатыр. Ақжайық ауылында тұрдым. Әкімшіліктен үй береді ғой уақытша тұруға. Сонда тұрдым. Кезегім бойынша кезегің келді деп, кеше хабарлап, сосын осыған келіп жатқанбыз. Өте қатты қуандым. Осы кезге дейін ұйықтай алмай, шынымен маған беріп жатыр ма деп.

Амангелді Тоғызбаев, Теректі ауданы әкімінің орынбасары:

- Аудан бойынша бізде 37 үй салынып жатыр. Соның ішінде Тоқпай ауылында 20 үй салынып жатыр, 120 пәтер. Қалған үйлер кезекте тұрған азаматтарға беріледі.