Павлодар облысының энергетикалық әлеуеті зор

Мысалы, Екібастұзда жылына 36 миллион тонна көмір өндіретін ең үлкен кеніш орналасқан.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына  Жолдауында  алдағы бес жылда жаңа энергетикалық қуаттылықтың қолданысқа енгізілетінін атап өтті. Ол кем дегенде 14 гигаватт болады. Биыл Екібастұздың 1-мемлекеттік аймақтық электр станциясында бірінші блоктың құрылысы аяқталады. Алғаш рет станциядағы  барлық 8 блок іске қосылады. Сонымен қатар 2-станцияны кеңейту жобасы жүзеге асып жатыр және 3-бекеттің құрылысы басталады. Мұның бәрі елімізді энергетикалық тәуелділіктен арылту үшін қолға алынған жобалар. Мемлекет басшысы өз Жолдауында баламалы қуат көздерін дамыту міндетін жүктеді.  

Илья Теренченко, облыстық мәслихат төрағасы:

- Біз өндірісті аймақта тұрамыз. Екі моноқаламыз бар. Энергетика саласын өркендетуге Ақсу мен Екібастұздың әлеуеті жетеді. 2 және 3-мемлекеттік аймақтық электр станцияларының құрылысы ГРЭС-2 қосымша жұмыс орындарын береді. Біз шын мәнінде энергетика астанасы саналамыз. Өйкені энергетикалық әлеуетіміз зор.