Апатты көпірлер қайта жөнделеді

Жамбыл облысында Шу қаласын 10 елді мекенмен байланыстыратын 2 көпір қайта жаңғыртудан өтіп жатыр.

Өткелдердің құны 450 миллион теңгеге жуықтайды. Қос нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ. Шу қаласына кіре берістегі көпір темір жолдың үстінен өтеді. Ұзындығы 77 метр. Ал 94 метрлік екінші нысан Шу өзенінде салынған. 1962 жылы қолданысқа берілген көпір тозып, жарықшалар пайда болған. Мұнда құрылыс жұмыстары маусым айында басталды. Республикалық  маңызға ие «Меркі – Бұрылбайтал» тас жолындағы көпірден тәулігіне мыңнан аса көлік өтеді.

Шындос Құлбаев, техникалық қадағалау инженері:
- Госэкспертиза бойынша ауыстыратын нәрсенің бәрін ауыстырып жатырмыз. Накладной плита балкалердің бәрін ауыстырдық. Қазіргі таңда үстіңгі қабаттардың жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1 қазанда жол ашамыз деп тұрмыз.