Жаңадан 840 мамандық пайда болды

Қазақстандағы кәсіптердің ресми тізбесіне жаңадан 840 мамандық қосылды.

Еңбек нарығындағы жағдай біршама өзгерген. Бұл туралы ұлттық қызметтер жіктеуішін жүргізетін мамандар мәлімдеді.

Кәсіптік салалардың қайсысы жаңашылдыққа толы?

Мұнай және газ, энергетика, көлік-логистика, тау-кен металлургия, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялар. Заман талабына сай өзгерістерді қажет ететін негізгі салалар осы. Жалпы, кәсіптердің ресми тізбесін жасақтайтын ұлттық жіктеуішке өзгерістер 5 жылда бір рет енгізіледі. Осы жолы 840 жаңа мамандық енгізілген.

Динара Капитонова: ҰБЖ әдістеме департаменті ұбж әдістеме басқармасының басшысы:

- Бұл жұмыс екі жылдың ішінде жасалған. Қызмет берушілер жәнге салалық мемлектетік органдаржан, олардың ұсыныстары жиналып, бұл өзгерістердің бәрі ашық жарияланымда жатыр. Яғни оны талқылауға әлі де болады.  Бұл жұмыс 15-қазанға дейін атқарылады.

Жаңа бағыттағы мамандарды даярлау оқу ордаларына жүктелетіні белгілі. Сондықтан жоғары оқу орындары еңбек нарығындағы ахуалды үнемі бақылап, зерттеуі тиіс. Мұндай зерттеу әдетте жұмыс берушілермен бірге жүргізіледі. Сөйтіп жаңа пәндердің құрылымы түзіледі. Жаңа маман даярлайтын оқытушылар да біліктілігін жоғарылатуы тиіс. Олар кәсіпорындардың өзінен дайындықтан өтеді. Шетелдегі университеттердің тәжірибесімен танысады.

Нұрлан Қызылбаев, Қ.И. Сәтпаев атындағы қазұту тіркеу кеңсесінің директоры:

- Студенттерді біз дуалды түрде  оқытамыз. Яғгни біраз сабақтары өнеркәсіпте өтеді, біздің партнерларімізде, яғни жұмыс берушілердің жұмыс орындарында. Жұмыс берушілердің тарабынан кәдімгідей сол студенттерге қарайтын, сол студенттерге сабақ беретін, тәжірибе беретін өкілдері бар. Солармен тығыз байланыстамыз.

Нұрлан Қызылбаевтың айтуынша, биыл өзі қызмет ететін білім ордасында 14 жаңа білім беру бағдарламасы ашылды. Техникалық мамандарды даярлайтын оқу орны цифрлық энергетика, машина жасау дизайны мен технологиялары, диджитал модельдеу сияқты жаңа сипаттағы оқыту курсын құрған. Алайда қызметкерлерді іріктеп, жұмысқа орналастыратын компания өкілі түбегейлі жаңарған кәсіптің жоғын айтады.

Рахима Махмұдова, жұмысқа орналастыратын компанияның жетекші менеджері:

- Қосылып жатқан жаңа мамандықтар негізіннен бұрыннан бар. Тек жұмыс беруші қызметкрелен қосымша дағдыларды талап етсе керек. Бүгінде бос жұмыс орындарының сипаттамасына үңілсек, дені цифрлық технология және бағдарлауға қатысты талаптар. Мұндай дағдылар тек бертінде ғана меңгеріле бастады.

Кәсіптердің ұлттық жіктеуіші деп аталатын тізімде бүгінде 11 мыңға жуық мамандық бар. Бес жыл сайын жаңаратын жіктеуішке еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ірі кәсіпорындар өз талап-тілектерін білдіріп, өзгертулер енгізе алады.