Таразда «Парасатты полицей» байқауы өтті

Республикалық «Парасатты полицей» байқауы биыл Таразда жалғасын тапты.

Дәстүрлі жарыс биыл 14 жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Оған еліміздің әр өңірінен 20 командаға топтасқан 200-ден астам қызметкер қатысты. Сайыстың талабы бойынша әр түрлі ұлттың өкілдерінен құралған командалар өз ойын мемлекеттік тілде дұрыс жеткізе білу керек. Алғашқы кезеңде полицейлер «Жаңа Қазақстанның полициясы» тақырыбында өздерін таныстырып, ұсыныстарын білдірді. Екінші кезеңде құқық қорағушылар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып сайысты. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Қостанай облысынан келген шығармашылық ұжым жеңіп алды. Ал бірінші орынды Ақмола облысының тәртіп сақшылары иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Гүлнұр Заманбекова, Алматы қалалық ПД  басқармасының бас маманы:

- Өзге ұлттың өкілдері жылдан жылға ынталары артып, белсенді қатысып мемлекеттік тілді игергенін және де оны қызметте кең қолдана алатынын көрсетіп тіл білімін шыңдап байқауға қатысып жоғарғы деңгейде көрсетуге тырысып отырады.

Рахим Наджафов, Ақтау қалалық ПД жедел басқару орталығының инспекторы:

- ҚР-да мемлекеттік тілді әрбір азамат білуі қажет. Осы біздің мемлекет басшысымыз осы мемлекеттік тілдің қолдануын дамуына ерекше назар аударып отыр. Өйткені Қазақстанның болашағы қазақ тілінде.