Ақтауда жалпыұлттық диктантқа жүздеген тұрғын қатысты

Ақтауда жалпыұлттық ашық диктантқа жүзден аса тұрғын қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Партаға жайғасқан этномәдени бірлестік өкілдері мен оқушылардың бұл жолғы алған тақырыбы «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» деп аталған.

Іс-шара өңірлік Ассамблеяның бастамасымен ұйымдастырылған. Диктант жазуда үздік шыққандар естелік сыйлық таратылды.

Ақтілек Сағындық, оқушы:

- Диктант өте керемет өтті. Мағжан Жұмабаетың өмірбаянымен таныстық. Бүгінгі тілдер күні құтты болсын. Мен ана тілімді сүйемін. Ана тіліміз өркендей берсін.

Амангүл Жайылханова, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы:

- Этномәдени бірлестіктердің мүшелері де мемлекеттік тілде диктант жазуға өздерінің ниеттерін білдіріп отыр. Бұл диктантты біз үшінші жыл өткізіп отырмыз. Тілдер күніне байланысты көптеген шараларды ұйымдастырып жатырмыз. Бүгін этномәдени бірлестіктер арасында Мәшһүр Жүсіпке арналған конкурс өткізетін боламыз.