Жаңа министрліктерге қанша қаражат жұмсалады?

Жаңадан құрылған бес министрлік бір айдың ішінде толық бөлінеді.

Ал оларға бюджеттен қанша теңге жұмсалады? Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, ауыз толтырып айтарлықтай шығын болмайды. Себебі, тараған ведомствалар бюджетті өзара бөліп алады. Оның үстіне олар ескі ғимаратында қалады. "Қазір 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы Мәжілістің қарауына енгізілді, 11 қыркүйекте құжат таныстырылады. Сол кезде қосымша шығын талқыланады. Өз кезегінде бұл жаңа министрліктер жұмысының тиімділігімен ақталады", - деді Қаржы министрі.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - қаржы министрі:

- Жаңа министрлік деген аты болмаса ескі министрліктен бөлініп шыққан. Сондықтан біздің позициямызн бар қаражат деңгейінде министрліктерді бөлу. Саласына қарай бөліп алады. Ал әкімшілік шығыстарды адам санына қарай бөліп аламыз. Егер қосымша қаражат болса, Мәжіліс, Сенатта қараймыз.