Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту деңгейі төмен

Қазір бұл көрсеткіш жылына тек 4 пайызға ғана жетеді.

Ал талап бойынша 6 пайыздың төңірегінде болуға тиіс. «Бүгінде отандық автопарктің 80 пайызы тозған. Оны жаңарту үшін 2 жылдан артық уақыт қажет. Ол үшін елде фермерлерге тиімді болатын ұзақ мерзімді лизингтік бағдарлама қосу керек», – дейді Мәжіліс депутаты Динара Шүкіжанова.

Динара Шүкіжанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-  Көрсеткішті 10 пайызға дейін жеткізу үшін біраз жұмыс атқару керек. Кешенді жоспар қажет. Фермерлер қандай пайыздық мөлшерлемемен қанша техника ала алатынын есептеу керек. Кейін барып техника шығаратын кәсіпорынға жылдық тапсырыс беруге болады. Осының барлығын жүйелі түрде дұрыстап жасаса, 2 жылдың ішінде 10 пайыздық көрсеткішке шыға аламыз.