Қорғаныс өнеркәсібін дамыту

Қазақстан Қарулы күштеріндегі отандық өнеркәсіп өнімдерінің үлесі 50 пайыздан асады.

Жергілікті кәсіпорындар ел әскерін брондалған көліктермен, көпфункционалды кемелермен, зениттік-зымырандық кешендермен және басқа да техникамен жабдықтап отыр. Мемлекет басшысы өз жолдауында Қарулы күштерді жоғары дәлдіктегі қару-жарақтармен қамтамасыз ету мақсатын қойған болатын. Бұл ретте ұшқышсыз ұшу құрылғыларының санын арттыру керек. Импортқа тәуелділікті азайтып, өз кәсіпорындарымыздың өндіріс қарқынын ұлғайту міндеті тұр. Бұл салаға жауапты ведомство өкілдері қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту қолға алынғанын атап өтті.

Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Қазіргі замандағы қақтығыстарды алатын болсақ, ұшқышсыз ұшу құралдары, радиоэлектроникалық құралдар, жоғары дәлдіктегі қарулардың рөлі артып келе жатыр. Қазақстан Қарулы күштерін осындай өнімдермен қамтамасыз ету маңызды міндет болып тұр. Бізде Анка-300 ұшу аппараты Түркияда шығарылған әскери тәжірибелік сынақтан өтіп жатыр. Алдағы уақытта өзіміздің қаруымызға аламыз деген ойдамыз. Әскердің әлеуетін арттыру, бірінші кезекте отандық өнімдермен қамтамасыз ету оның ішінде еліміздегі зауыттардың күрделі жөндеу жұмыстарын деңгейін арттыру деген мәселелар алдымызда тұр.