Қостанай облысындағы береке бірлігі жарасқан отбасы

Қостанай облысы, Шербаков ауылында тұратын Ермағамбетов әулетінің берекелі тірлігі көпке үлгі.

Шаңырақ иесі Алтай ақсақал он бес жасынан бастап трактор айдаған. Қазір жетпістен асса да қарап отырған жоқ. Әке тәрбиесін көріп өскен  балалары да ырыс-несібесін еңбектен тауып отыр.

Алтай ақсақалдың күнделікті тірлігі осы. Отыз жылдан астам совхозда трактор айдаған отағасының әлі де сол техникаға аңсары ауып тұрады.   

Алтай Ермағамбетов, "Мерейлі отбасы" байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы:

- СПТУ оқып 69 жылы трактористы бастадым. Енді содан осы уақытқа дейін 98 ге дейін істедік қой енді совхоз ыдырағанша. 98ге дейін істеп сол 33 жыл сонымен пенсияға шықтық.

Бұл үйдің үлкен-кішісі таң алаукеуімнен қара кешке дейін тыным таппайды. Бірі сиыр сауып, қаймақ, майын айрып жатса, енді бірі бау-бақша қамымен жүреді.

Зылиха Ермағамбетова, "Мерейлі отбасы" байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы:

- Келіндерім қыздарым сауады. Осы үш сиыр, май да болып жатыр, қаймақ та болып жатыр. Артығын сатамыз. Аллаға шүкір жесең ет, сатсаң ақша. 

Зылиқа әже түрлі сүт тағамдарын жасаудың әдіс-тәсілін қыз-келіндеріне үйретуден жалыққан емес.

Алтай ата мен Зылиха әженің  отасқандарына елу жылдан асқан. Кіндіктерінен тараған 5 ұл, 5 қыздан бүгінде 30 шақты немере  сүйіп отыр. Бірі кәсіпкер,бірі ұстаз, бірі дәрігер. Ал кенжесі Жансая кәсіби спортшы. Ережесіз жекпе-жектен ел біріншілігінде, халықаралық додаларда топ жарған. Былтыр Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатына қатысып,  қола жүлдені қанжығасына байлап қайтты. 

Жансая Алтайқызы "Мерейлі отбасы" байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы:

- Спортқа ата-анам ешқашан бетімді қаққан емес. Бұл спортқа барам айтқам, жақсы жолың болсын деп айты. Әрбір алған жүлделеріме қуанып, әрбір бойға шыққан сайын дұға-тілектерін айтып, уайымдап, жазып, звондап, переживать етіп отырады. Бұл ата-анама алғысым шексіз.

Ермағамбетовтар отбасында үлкенге құрмет, кішіге ізет, сыйластық пен мейірімділік деген ұғым берік орныққан.

Авторы: Мағауия Қалиев