Павлодарда 2,5 тонна су жәндігі заңсыз ауланған

Павлодарда «Артемия салина» жәндігін заңсыз аулау дерегі тіркелді.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалпы салмағы 2,5 тоннадан асатын 53 қап шаян тәрізді құрттарды  тиеген  автокөлікті тоқтатқан. Бұл жәндік облыс аумағындағы тұзды көлдерде тіршілік етеді. Қара базардағы құны қымбатқа түсетін су жәндігін  аулауға  заң жүзінде тыйым салынған. «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 23 қап тұқы балығы да тәркіленді. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі  арнайы сараптамадан кейін белгілі болады.