Орал қала күніне орай аламан бәйге өткізді

Жағлай киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылды.

Додаға батысқазақстандық шабандоздармен қатар Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстары мен Ресейден келген командалар қатысты. Жалпы жүлде қоры 14 млн теңге. Командалар бәйгеге 130-дан астам ат қосты. Олар тай мен құнан жарысы, үлкен және кіші аламан бойынша жүйріктерді анықтады. Командалық есепте жергілікті құрама көш бастады. 

Расул Нұрбекұлы, шабандоз:

- Мен ондамын. Мен атпен шабамын екі жыл. Қиын емес маған. Мен аттарды жақсы көремін.

Бауыржан Қайырғалиев, бәйгеден облыстық федерацияның мүшесі:

- Ұлы аламанымыз 31 шақырым. Одан кейін кіші аламан дейміз, ол 21 шақырым. Құнандарымыз, яғни, қазір жілік майы толып күзде 11 шақырымға шауып жатыр. Тайларымыз 6 шақырымға шауып жатыр. Бұрын аттардың басын тартып, ауыздыққа сүйеп, соңына дейін жай шабыспен күтіп, ең соңында ғана таластыратын еді. Ал қазіргі аттар басынан бастап аяғына дейін. Мықтының мықтысы ғана, жүйріктің жүйрігі ғана келіп жатыр.