Еліміздегі өнегелі отбасылардың бірі СҚО-да тұрады

Өңір жұрты Ескеновтер әулетін жақсы біледі.

Ерлі-зайыпты Зейнолла ақсақал мен Күлбан әженің шаңырақ көтергендеріне жарты ғасырға жуықтады. Отағасы өмір бойы құрылыс саласында тер төксе, отанасы білім беру саласында 40 жылдан аса еңбек етті. Адал еңбегімен көпке үлгі болып, ауылдастарының алдында махаббат пен сыйластықтың үлгісіне айналды. 2 ұл, 2 қызды тәрбиелеп өсіріп, олардан 11 немере сүйді. Сондай-ақ бүгінде Зейнолла ақсақал шағын кәсібін табысты дөңгелетіп отыр. Биыл әулет «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне қатысып, 30 жанұя арасынан үздік атанды.

Зейнолла Ескенов, Кішкенекөл ауылының тұрғыны:

- 1975 жылы 10 жылдық мектепті бітірдім де, құрылысқа жұмысқа кірдім. 445 «механизированная колонна». Мынау осы 2 қабатты үйлердің бәрін қалпына келтіріп, «прораб» болып жұмыс істедім. 20 жылдай жұмыс істеп қалдым, осында зейнетке шықтым. Жолдасым зейнетке шыққан соң, есік алдында дүкен салып көрейінші деп, сол өзім құрылысшымын ғой, сол дүкен салдым. Бір жылдан кейін наубайхана салдым. Осы 10 шақты совхоз бізден алады. Күніне 1000-1200 нан пісіреміз.