Күзгі аңшылық маусымы басталды

Атыраулықтар күзгі аңшылық маусымда құстың жеті түрін, қабан, қоян және теңіз жағалауын мекендейтін аңдарды аулай алады.

Заңнама таллаптарына сәйкес биыл 80 мыңға жуық үйрек, 10 мыңдай қасқалдақ пен 11 мың қазға саятшылық құруға рұқсат. Биыл Жылыой ауданында шибөрі мен қасқырдың көбейгені байқалады. Сол себепті жыртқыштардың санын реттеуге әуесқой аңшылар көмектесе алады. 1 қаңтардан бастап 2000 шибөрі мен 2400-дей түз тағысын аулауға сыйақы тағайындалып отыр.

Мереке Шалқаров, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

- Жергілікті атқарушы органнан әрбір атылған қасқырға 10 АЕК сыйақы беріледі. Сонымен қатар қасқырдың бөлтірігіне 5 АЕК және шибөріге де 7 АЕК сыйақы беріледі, атып алып тапсырған аңшыларға.