Кеншілер отбасындағы балалар ата-анасының жолын қууға ниетті

Кез-келген әйел шахтада жұмыс істей алмайды.

Десе де мұндай батыл жандар бар. Олардың бірі - Гүлнұр Айдарханова. Ол жұбайымен бірге "АрселорМитталТеміртау" АҚ еншілес кәсіпорны болып саналатын "Өркен Атасу" компаниясының "Батыс Қаражал" шахтасында шам таратушы болып жұмыс істейді. Балалары мен жұбайы оған әрқашан қолдау көрсетіп келеді. Кеншілер отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар да ата-анасының жолын қууға ниетті.

Гүлнұр Айдарханова шахтада жұмыс істеп жатқанына 8 жыл болған. Бүгінде ол – шам таратушы болып еңбек етеді. Оның міндеті - шахтерлердің шамдарын қуаттау, респираторлар беру, жұмысшыларды белгілеу. Жалпы Қаражал қаласына Аманбай мен Гүлнұр отбасын құрған кезде, яғни осыдан 21 жыл бұрын қоныс аударған. Отағасы содан бері кен орнында жұмыс істейді. Ал Гүлнұр балалары есейген соң жұмыс істеймін деп шешім қабылдаған. 

Гүлнұр Айдарханова, шам таратушы:

- Үлкендерім кішілерге көмектеседі, өзімізге де көмекші. Ертең жұмысқа баратын күні мысалған бүгін кешке тамағымды дайындап, өзіме ертеңгі тамағымды дайындап аламын, жолдасыма тамағын дайындаймын, сөйтіп ертеңгі күннің қамын жасап, таңертең ерте жұмысқа аттанамын сосын.

Ерлі-зайыптылардың жұбы ажыраған емес, жұмыста да, үйде де бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Еңбек орнындағы тұрақты жалақы, ауысым кестесі бәрі көңілімізден шығады дейді көпбалалы отбасы. Жақында үлкен қыздарын қияға қондырды.  Қазір қолдарында екі ұлы және кенже қызы бар.

Гүлнұр Айдарханова, шам таратушы:

- Бұрын енді жұмыс істемегенде уақытым бос болғандықтан көп балаларға билегенде костьюм тігетінмін іспен айналысып. Тоқыма да тоқыдым. Балалардың шаштарына бантиктарын жасап отырдым. Топыларын тігіп бердім балаларыма, қазақы көйлектерін өзім тігетінмін. Жаңа жылдық киімдерін өзім тігетінмін.

Ұлдары спорттағы және оқудағы жетістіктерімен қуантып жүр. Ерлі-зайыптылар балалардың мамандық таңдауына ықпал етпейміз, десе де ұлдарымыз біздің жолымызды қуып,  "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "Өркен" ЖШС шахтасында жұмыс істегендерін қалаймыз дейді. Бүгінде үлкен ұлдары жергілікті колледжде тау-кен мамандығы бойынша оқып жүр.

Авторы: Достық Талғатұлы