СҚО-да толассыз жауын астық жинауға кедергі келтіріп тұр

Еліміздің солтүстік өңірлерінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан диқандар 18 күн бойы астығын жинай алмай отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы шаруалардың шағымын Мәжіліс депутаты Асхат Рақымжанов жеткізді. Үкіметке жолдаған өз сауалында ол өңірлік деңгейде төтенше жағдай тәртібін енгізуді ұсынды.

Асхат Рақымжанов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

- Фермерлердің болжамы бойынша әр гектардан небәрі 2-3 центнер өнім алынуы мүмкін. Бұл жоспардағы көрсеткіштен едәуір аз. Алдағы күндері жауын тоқтап, күн жыли түссе де, астық құнының 50%-ін жоғалтты. 75 мың теңгенің өнімін 40 мың теңгеге де өтпеуі мүмкін деп уайымдап отыр. Қазір ылғалдылық көрсеткіші 30%-ті құрайды. Бұл тек төрт түлік малды бордақылау үшін ғана жарамды. Элеваторлар дымқылдық көрсеткіші 18%-тен жоғары тауарды қабылдамайды.