Қарағанды облысында киік егінді жайпап жатыр

Қарағанды облысында киік егістік пен жайылымдарды таптап, ақ тақырға айналдырып жатыр.

Әсіресе Нұра, Осакаров, Абай ауданының шаруалары қатты зиян шеккен. Мұнда егіс алқабының 38 мың гектары тапталған. Аймақта онсыз да астық шығымы төмен. Ауыл шаруашылығы министрлігі келтірген дерек бойынша Қазақстанда ақбөкендердің саны қазір екі миллионға жуықтаған.

Сайын Ибрагимов, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Биыл енді киітің шығынын санағанда 2 мың гектардай. Былай қарасаңыздар 2 мың гектар біздің ауданның статистика басқармасының ақпаратынша 10 центнерден біздің аудан алып отыр. 2 мыңды математикалық тұрғыда санағанда 2 мың тонна деп санауғада болады. 2 мың тонна 90 теңгеден болса,100- 150 млн теңгеден артық болмаса кем болмайды деп ойлаймын.

Жанайым Әбеуова, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы:

- Шаруалардан 4 шағым түсті бізге өзі оған инспекторлар барды осы уақытқа дейін. Актілері толтырылып келтірілген залалдар болса олар әрі қарай ауылшаруашылық мекемелеріне шағымданып, сақтандыру болса солардан өздері сұрайды. Бізге үкіметтен немесе жоғарыдан ешқандай методика түскенн жоқ, бірақ арыздар көбейе берсе бір шаралар қабылданады деп ойлаймын.