Түркістанда жаңа үлгідегі учаскелік полиция бекеті ашылды

Жаңа нысанды Ішкі істер министрі Ержан Саденов өзі келіп, көрді.

Ғимарат қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Тәртіп сақшылары тұрғындардың арыз-шағымын осында қабылдап, кез-келген мәселеге уақытылы жауап береді. Учаскелік, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар, көші-қон қызметі, әкімшілік практика және пробация қызметкері де осында Ерікті көмекшілерге арналған кабинет, азаматтарды қабылдау және ана мен бала бөлмесі бар. Сонымен қатар ғимарат бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Кезекші қызметкерлер бейнебақылау камералары орналасқан аумақтың барлығын экраннан көріп, бақылап отырады. Мамандар мұның барлығы полицияның ашықтығы, қолжетімділігі, құқық бұзушылықтар мен азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюы үшін жасалғанын айтады.

Бауыржан Жанаев, қалалық полиция басқармасының бастығы:

- Жол-көлік оқиғалары тіркелгендер саны: 401. Былтыр адам қазасымен 11 болса, биыл -1. Жалпы олардың орын алу себептерін анықтадық. Арақашықтық сақтамағандар -103, маневр жасау – 89, жаяу жүргіншіге жол бермеу – 43. Оның ішінде жынысына қатысты ерлер – 373, әйелдер – 28. Қылмыстық іс қозғалғаны- 19, әкімшілік іс – 382.