Робот техниканың негізін балабақшадан бастап үйреткен тиімді

Яғни бүлдіршіндерді ойыншық жинақтар арқылы модельдеу мен жобалауға ерте жастан бейімдеу керек.

Бұл туралы Алматыда өткен «Мектепке дейінгі тәрбие: техникалық және шығармашылық ойлау» атты республикалық ғылыми-техникалық конференцияда айтылды. Қазір аталған бағдарламаның әдістемесі жасалған. Пилоттық режимде қаладағы бірнеше балабақшада апробациядан өтіп, 450 бүлдіршін конструкторлық қабілетін дамытқан. Нәтиже де жаман емес. Педагогтер мен әдіскерлер жаңа методиканың қыр-сырымен танысты.

Нұрлан Байтыманов, мектепке дейінгі робототехника әдістемесінің авторы:

- Төрт жастағы баланың саусақ моторикасы төрт айлық оқыту курстарынан кейін 5,5 жарыс жастағы баланыкіндей болатынын байқадық. Яғни, 1,5-2 жасқа алдыға қарай жамиды. Осы курс негізінде әдістемесін жасадық. Курсқа дейін және кейін түрлі өлшемдер алынады. Сол арқылы, өзгерістерді байқаймыз.