Парламентте энергия қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Энергетика саласын дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеу қажет.

Мәжіліс депутаттары осындай ұсыныс айтты. Парламенттің төменгі палатасында энергия қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Бүгінде елімізде энергия тапшылығы байқалады. Өткен жылы бейіндік ведомствоның мәліметі бойынша, жүз гигаваттан астам электр энергиясы өндірілген. Мәселені шешу үшін қолда бар мүмкіндіктерді жаңарту қажет. Министрлік жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту және кеңейту үшін энергия өндіруші компаниялармен 13 инвестициялық келісім жасады. Осы шілдеден бастап орталықтандырылған энергияны сатып алу және сату моделі іске қосылды. Сондай-ақ, 2030 жылға қарай 14 гигаватт қуаттылық пен желілерді күшейту бойынша тиісті инфрақұрылым енгізілетіні белгілі болды. Биыл электр станцияларында он энерго-бөлікті күрделі жөндеу жоспарланған.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Шынында Президент біздің алдымызға үлкен міндеттер қойып отыр. Алдағы 6-7 жылда 14 гват дейін қуат өндіруіміз керек. Бізде көміртектік бейтараптық стратегиясын қабылдадық. Мына мемлекетіміздегі энергетика мәселесі күн тәртібінде тұрған мәселе. Сондықтан мәжілісте арнайы жиналыс өткізіп мемлекеттік мекемелермен талқылап жатырмыз.