Елорда мектептерінде эвакуация бойынша оқу-жаттығу өтті

Елордалық оқушылар төтенше жағдай кезінде эвакуация жүргізу бойынша оқу-жаттығуға қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін таңертең Есіл ауданындағы мектептерде шартты түрде дабыл белгісі қосылып, бір сәтте оқушылар мен мұғалімдер қауіпсіз жерге шығарылды. Балалар қатер төнген уақытта өзін қалай ұстау керектігі жайлы жан-жақты мағлұмат алды. Құтқарушылар бұндай жағдайда дүрлігуге жол бермей, салқынқандылық танытып, жылдам қимылдау басты талаптардың бірі екенін түсіндіріп өтті.

Серік Абылайхан, Есіл ауданы ТЖБ аға инженері:

- Мектептен оқушылар шығарылғаннан кейін мұғалімдермен түгенденді. Түгенделіп болғаннан кейін ТЖ қызметкерлерімен мектепті аралау жұмыстары жүргізілді және де әрі қарай оқушылар өз оқу кестесімен сабақтарын жалғастырып жатыр. Төтенше жағдай кезінде эвакуация жолдарын білуі керек, эвакуация орнын білу керек.

Тағабай Қыдырбаев, еңбекті қорғау және сақтандыру инженері:

- Оқушылардың саны, 800-дей бала бар, мұғалімдер мен қызметшілер 200 адамдай бар. Негізі ТЖМ бұйрығымен біз әр тоқсан сайын оқу-жаттығу өткіземіз. Негізгі мақсаты – ТЖ болған жайдайда балдарды бірін-бірі қақпай, ұйымдасқан түрде эвакуациялық орынға жиналу.