Таразда көкпардан турнир өтіп жатыр. LIVE

Таразда көкпардан қалалық турнир өтіп жатыр.

Серкені тақымға қысқан спортшылар 10 командаға топтасып, нағыз мықтыны анықтамақшы. Тартысты көкпар бәсекесі қалаға қарасты Құмшағал алқабының маңында ұйымдастырылған. Шаһарға жақын болғандықтан, көрермендердің де қарасы қалың.

Қалалық ашық біріншілік болғанымен 5 ауданның көкпаршылары да додаға түсуде.  Олардың арасында Байзақ, Жамбыл, Меркі мен Жуалы және Тұрар Рысқұлов аудандарының көкпаршылары бар. Айта кетерлігі олардың барлығы әуесқой ауыл тұрғындары. Бұл көкпар додасы да сол тұрғындар бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Жалпы сағат 10-нан бастап 10 спортшыдан жасақталған 10 команда кім мықтыны анықтайды. Айта кетерлігі көкпар қала күніне орай ұйымдастырылды. Оған қоса спорттың басқа түрлерінен де жарыстар өтуде. 

Дәуір Дәулетов, қала әкімінің орынбасары:

- Қазір 5 мыңнан аса біздің жасөспірімдеріміз осы ұлттық спорт түрімен айналысып келеді. Жетістіктерге де детуде. Осы орайда өткенде ғана қала күніне орай Жас барыс турнирінің қалалық іріктеуін өткіздік. Қала күніне орай бізде көптеген іс шара белгіленген. Бүгін ғана велошеруден үлген марафон өтті. Алдағы аптада бізде жүгіру марафоны өтеді. Оның мақсаты осы тұрғындарға салауатты өмір салтын насихаттау.

Мерей Бает, тілші

- Тараздағы дүбірлі дода кешке дейін жалғасады. Жеңімпаз командаларға ақшалай сыйақы қарастырылған. Оған қоса үздік шабуылшы мен үздік тұлпар аталымдарына лайықтылар марапатталады. Айта кетейін қала күні мерекесіне орай шаһарда 50 ге жуық мәдени-көпшілік іс-шара өтеді.