Абай облысында 130 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Өңірде дұрыс пайдаланылмай жатқан 348 жер учаскесі анықталған.

Тек Үржар ауданының өзінде 63 мың гектардан астам аумақ тексерілетін болАды. Аймақта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша ведомствоаралық комиссия құрылған. Жоспарға сәйкес жыл соңына дейін 250 мың гектар алқапты мемлекет меншігіне алу жоспарланған.