Талдықорғанда жылу маусымына дайындық жүріп жатыр

Талдықорғанда қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Жылу тораптары жаңартылып, қазандықтар жөнделуде. Сол себепті уақытша ыстық су жоқ. Мамандар орталық қазандыққа түсетін салмақты азайту мақсатында «Қаратал» ықшам ауданының жылыту жүйесі толығымен басқа қазандыққа көшіріліп жатқанын айтады. Биыл облыс орталығында ұзындығы 5,5 шақырым құбыр ауыстырылып, үш қазандық күрделі жөндеуден өтеді.

Ақжан Төлеубай, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Суды қосу уақыты жоспар бойынша  26 қыркүйекке жоспарлап отырмыз.  Егер де оған дейін ертерек бітіріп жатсақ, жұмыстарымызды ыстық суды ертерек қосамыз.