Елімізде 2,7 млн гектар астық бүлінген

Елде 2,7 млн гектар астық көгеріп кеткен.

Мұны егін науқанының барысына талдау жүргізген арнайы комиссия анықтады. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, 3 аптадан бері жауған жаңбыр астықты алқаптың бүлінуіне әкеп соқты. Қазір диқандар құртылған дәнді кептіріп, тым құрығында мал азығына жаратсақ деп жанталасып жатыр. Биыл егіннің орташа шығымдылығы былтырғыдан 2,7 центнерге төмен, - дейді мамандар.