БҚО-да орман өртін сөндіру бойынша оқу-жаттығу өтті

Батыс Қазақстан облысында орманшылар мен өрт сөндірушілер бірлесіп, оқу-жаттығу өткізді.

Олар сценарий бойынша орман өртін жедел сөндіруге жұмылдырылды. Тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, әуе көлігімен елдімекенге жеткізілді. Жаттығуға 130-дан астам адам, 31 арнайы көлік, 2 қайық пен бір тікұшақ тартылды. Аймақтағы орман қорының жалпы аумағы 220 мың гектарға жуық. Биыл 7 рет өрт болды. Жергілікті орманшыларды қажетті жабдықтармен қамту мақсатында ел қазынасынан 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

Қуанышқали Есімов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- 25 трактор, 13 патрульдік автокөліктер тиісті өрт сөндіру құралдармен жабдықталған және 78 қажетті құрал-жабдықтар тіркемелі алынған болатын. Сонымен қатар + 75 млнға 420 рация алынды. Барлық орман шаруашылығы қызметкерлері толық қамтылған. Биылғы жылы осы атқарылған жұмыстар нәтижесінде 120-дан астам орман қорының аумағында басталған өрттерді орман қорына кіргізбед.

Ернұр Өтегенов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

- Сценарий бойынша орман шаруашылығында болған өрттің таралуы, әрі қарай елді мекендерге қауіп төндіріп және бірнеше өрт учаскелеріне таралып, жол болсын, басқа да жерлерге таралуы кезінде өрт сөндіру болып табылады. Республикадан 4 өрт сөндіру көлігі беріліп жатыр. Жергілікті атқарушы органдардан бюджеттен қарастырылған 7 өрт сөндіру автокөлігі қазір дайындалып жатыр. Осы қазан-қараша айларында осы 11 автокөлік департаменттің жарақтандыру күшіне енгізіледі.