Балқашта баспана құрылысы қарқынды болып тұр

Балқаш қаласында биыл 8 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.

Алда тағы 9 мың шаршы метр бой көтереді. Қазірдің өзінде шағын шаһарда 180 пәтерлік 4 көпқабатты үй салынып жатыр. Оның екеуі жалға берілетін баспана болса, тағы екеуі несиеге үлестіріледі. Бұдан бөлек 45 пәтерлік үйдің құрылысы аяқталған. Жаңа баспана пәтер кезегінде тұрғандарға беріледі. Жалпы жыл соңына дейін тағы 140 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады. Шаһарда үй кезегінде 2000 адам тұр. Сондықтан қалада ескі үйлерді жөндеу жұмыстары да қолға алынған. 1991 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген баспаналардың қасбеті, шатыры ауыстырылып жатыр. Биыл 13 ескі үй қайта қалыпқа келтірілген. Көл жағалауындағы металлургтер мекенінде келер жылы да тұрғын үй құрылысы қарқын алатын болады.

Саятбек Мусин, Балқаш қаласы құрылыс бөлімінің басшысы:

- Биыл 4 үйдің құрылысы басталды. Қазір құрылыстары жүріп атыр. Іргетасы салынып жатыр. Енді келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда. Қаражатының бөлінуіне байланысты. Техникалық бақылаушылар бар, өзіміз бақылап жүрміз. Құрылыс сапалы жүріп жатыр деп айта аламыз.