Ақмола облысында игерілмеген жерлер мемлекет меншігіне өтті

Ақмола облысында соңғы жылдары пайдаланылмай бос жатқан 1 миллион гектардан астам жер анықталды.

Олардың басым бөлігі шаруа қожалықтары мен серіктестіктердің ұзақ мерзімге жалға алған ауылшаруашылық мақсаттағы жерлері. Нақтырақ айтсақ, жайылымдар және шабындықтар. Бүгінге дейін аталған жер телімдерінің біразы қайтарылды. Биыл бір ғана Бурабай ауданының өзінде құны 285 миллион теңге болатын 30 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті. Осылайша аудандағы тапшылық екі есеге қысқарған. Жалпы соңғы екі жылда облыс бойынша 400 мың гектардан астам жер қайтарылып, жергілікті фермерлер мен ауыл тұрғындарына үлестірілді.