Атыраулық тұрғын заңсыз сыйақы бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алғыс білдіремін деп, басы дауға қалды.

Атырау қаласының тұрғыны заңсыз сыйақы бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалалық полиция басқармасының қызметкері облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне шағымданған. Оның жеке есепшотына белгісіз адамнан 5 мың теңге көлемінде ақша түскен. Белгілі болғанындай, қала тұрғыны ұлына қатысты қылмыстық істі жедел жүргізгені үшін тергеушіге сыйақы беріпті. Енді қала тұрғыны 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Жәнібек Қаражанов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Жыл басынан бері департаментпен бүгінге дейін 6 әкімшілік іс қозғалды. Олардың біреуі – 660-баппен, 5-еуі 676-баппен. Осындай фактілер бүгінге дейін тыйылмай отыр. 2 АЕК-тен төмен мөлшерде сыйлықтар болған кезде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін айтып өту керек.