Жамбылдық жас омарташы жылына 6000 келі бал өндіреді

Ерсінбек Үсіпбектің омарта шаруашылығымен айналысқанына 6 жыл.

Аз уақытта кәсіптің көзін тауып, тіпті бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр.

Сарыкемер ауылының тұрғыны Ерсінбек Үсіпбектің негізгі мамандығы инженер механик. Оған қоса құқықтану саласы бойынша жоғары білімі бар. Оқу бітірген соң бірнеше жыл мамандығы бойынша қызмет еткен. Бірақ кейін 3 атадан келе жатқан омарташылық кәсіпке оралыпты. Бүгінде ауласында 100 бал сандығы бар. Ерсінбектің сөзінше, еңбек етуге келгенде адамдардың бал арасынан үйренері көп.

Ерсінбек Үсіпбек, омарташы:

- Аналық аралар бұл жердегі ұядағы қызметі олар ұрпақты-ұрпаққа жалғастырып, осы ұяны басқарады. Олар 3 жылға жуық өмір сүреді. Аналық ара бір күнде 1200-2000 таяқша тастайды. Өзінің ұрығы тасталынады. Ал жұмысшы аралар бар жоғы 45 күн өмір сүреді. Олар жаңағы 21 күнде дүниеге келеді. Олардың қызметі осы ұяның күндізгі жинаған балдарын соны түнімен өңдейді.

Мерей Бает, тілші:

- Мына бір бал сандықта қазір 10 мыңға жуық бал арасы бар. Сәуір-тамыз айлары арасында, яғни бал жинау маусымында олардың саны 20 мыңға жуықтайды. Сол аралықта бұл бал аралары 50-70 келі аралығында өнім береді екен.

Маусымында жақсы өнім жинау үшін бал арасының бабын табу қажет, - дейді шаруа. Желіп жүріп жаятын жер табу,  кенеге қарсы дәрмегін беріп, қыс мезгіліне дайындау омарташының міндеті. Ал 30 жылдық тәжірибесі бар Талғат Исмаилов жергілікті ара тозады, - дейді. Сондықтан селекциялық асылдандыру жұмыстарын уақытылы жүргізіп отыру қажет.

Талғат Исмаилов, омарташы:

- Ресейден Германиядан Украинаның Мукачева  деген қаласынан аламыз. Карпатка, карника бафаст деген тұқымдарын аламыз. 40 мың 50 мың теңге тұрады мысалы үшін бір аналықты сатып алу үшін. Оны әкелгеннен кейін ол адам бола ма болмай ма, сондықтан 4-5 тен сатып аламыз.

Бал арасын асырау кәсібі аймақта енді дамып келеді. Өңірде 52 омарташы бар. Олардың 38-і былтыр мемлекеттен 65 миллион теңге қаржылай қолдау алған. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады.

Нұржан Мұқашев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Биылғы жылға да сол деңгейде қаржы қойылып отыр. Өйткені барлық 52 омарташы толық өтінім бермейді. Оның жаңағы мемлекеттің қолдауға ұсыныс беріп отырған шегінде қаражат жылда қоямыз. Негізінде оның саны артып өтінім саны ұлғайып жатса біз қаржысын ұлғайтуға толық мүмкіндік бар.

Облыстағы омарташылар кәсібін атадан балаға үйрету арқылы жалғастырып келеді. «Олардың бір тілегі, ауыл шаруашылығы бағытындағы оқу орындарында бал өндіру бағытын оқытса», - дейді.

Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан