Елордада әскери қызметкерлер арасындағы тіл білгірлері анықталды

Байқауда мемлекеттік тілді еркін меңгерген 6 команда бақ сынады.

Конкурстың алғашқы кезеңінде қатысушылар белгілі қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқыды. Одан кейін командалар көрермен назарына сахналық көріністер ұсынды. Соңғы сайыста өнерпаздар әр ұлттың ұлттық киімдері мен өнерін паш етті. Сыннан сүрінбей өткен "Тәртіп сақшылары" командасы жеңімпаз атанды.Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған байқау бұл байқау "ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" аясында өтіп отыр.

Ербол Құмарбекұлы, ҚР Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы, полковник:

- Бір ай бойы Қазақстан бойынша барлық әскери гарнизонның ішінде іріктеу өткізіліп, ең мықты деген 6 команда финалдық сайысқа жолдама алып, жарысты біз тамашаладық.

Тұрсанбек Махмудов, ҚР ҚК әскери полиция бас басқармасының бөлім бастығы, подполковник:

- Әскери полиция бас басқармасының "Тәртіп сақшылары" командасы бірінші орынға ие боп отырмыз. Командамыз 5 қатысушыдан тұрады. Әрқайсысы өзге ұлттыкі, иран, өзбек, қырғыз, тәжік, орыс ұлты. Бесеуміз де қатыстық, бесеуміз де қазақ тілін меңгергенбіз.