Марат Болатұлы теміржол саласында 30 жыл еңбек етіп келеді

Еліміздегі теміржолдардың қалыптасуы мен даму кезеңі көз алдымда өтті. 9 жолдың торабында 30 жыл еңбек еткен Марат Болатұлының шойынжолға деген сүйіспеншілігі бұл кәсіппен айналысқан әкесі мен анасынан берілгенін айтады.

Бала кезінен осы мамандыққа қызыққан теміржолшы қазір жаңа технологияларды меңгеріп, жастарға үлгі көрсетуден жалықпайды.

Марат Болатұлы теміржол саласында 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Тәуелсіз елдің шойынжолының қалыптасуы көз алдында өтті. Бүгінде тепловозға қажетті материалдың 70%-ке жуығы елімізде өндіріледі. Бұл – үлкен жетістік, - дейді ол.  

Марат Тілеубаев, зауыт бастығы:

- Менің әкем де, шешем де теміржолда жұмыс істеген. Кішкентай кезімнен көріп жүргенмін мен. Осындай салаға келгім келіп жүрген. Әрбір кішкентай азамат армандайды ғой. Сол арманыма бүгін жетіп жатырмын ба деп ойлаймын.

Тәжірбиелі теміржолшы жас мамандарға қолдау көрсетіп, керек жерде ақыл кеңестерін айтып отырады. Жұмыс барысында біліктілікті арттыру маңызды. Себебі жаңа технологияларды игеру – қазіргі заманның талабы.

Марат Тілеубаев, зауыт бастығы:

- Мен осы мамандық бойынша локомотив шаруашылығы институтын бітіргем. Басқа салада істемегенмін. Осы салада ғана жұмыс істеп келе жатырмын. 10 жылдан асып кетті. Біздің зауыттың жұмыс істеп жатқанына. Біз әлі келісімшарттың бірде-бір уақыттарын, мерзімін кеш қалып істеп көрген жоқпыз. Бәрін уақытында істеп беріп жатырмыз.

Әл-Фараби Серіков, тілші:

- Жаңадан құрастырылған тепловоз әлемдік стандартқа сай келеді. Мұны осы саланың мамандары айтып отыр. Бүгінде Қазақстанда құрастырылған тепловоздарға шет мемлекеттер қызығушылық танытып отыр. Себебі кез келген ауа райына, яғни ыстыққа да, суыққа да шыдамды. Әртүрлі сынақтан өткен.

Өндірістегі барлық жұмыстың қыр-сырын білетін басшы қызметкерлермен тығыз байланыс орнатып, маңызды мәселелерде үнемі ақылдасып отырады.

Данияр Рысмағамбетов, зауыт цехының бастығы:

- Марат Болатұлы жас мамандарды әрқашанда қолдап, көмектеседі. Кәсіби маман, кәсіби басшы мамандарды кәсіби жолда дұрыс тұру, сол жолда таймау қалай жүру керек екенін әрқашанда айтып отырады, ақылын, кеңесін.

Теміржол саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып, жас кезінен табан аудармай бір салада жұмыс істеп келе жатқан Марат Болатұлы кез келген жұмыста тұрақтылық қажет екенін айтады. Сонда ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Авторлары: Әл-Фараби Серіков, Мұрат Әріпханов.