СҚО-да жаңа жолдардың үштен бірі талапқа сай емес

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы мамандарының тексерісі бірқатар олқылықты анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жыл бойы түрлі учаскелерден 600-ден астам сынама алды. Оның 34%-тен астамы нормативтік-техникалық құжаттардағы талаптарға сәйкес емес. Жауаптылардың айтуынша, мемлекеттік сатып алуды ұтқан мердігерлердің көбінде тиісті техникалары жоқ. Сондықтан осындай кемшіліктер тіркеліп отыр. Қазір оларға нұсқама жіберілді. Енді мердігерлер жақын арада жағдайды ретке келтірулері міндет. 

Жолдыбай Тентеков, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ОФ директоры:

- Жолды жөндеумен айналысып жатқан компаниялардың басым бөлігінің тәжірибесі, тіпті арнайы техникасы жоқ. Сондықтан осы факторлар жол сапасына кері әсер етіп отыр. Анықталған барлық кемшілікті мердігерлер өз есебінен жояды. Жалпы жыл басынан бері біз 149 инспекциялық тексеріс жүргіздік. Нәтижесінде 100-ден астам олқылық анықталды.