Еңбек күні «Хабар» арнасы телемарафон ұсынады

Қыркүйектік 24-і, жексенбі күні елімізде Еңбек күні аталып өтеді.

Мерекеге орай «Хабар» агенттігі «Адал еңбек» телемарафонын ұсынады. Телевизиялық марафон сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін көрсетіледі. Тікелей эфирде өңірлер мен шетелдердегі еңбек ұжымдары мен адамдары кәсіби жетістіктерімен бөліседі. «Адал еңбек» телемарафонына ерен еңбектерімен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі саланың өкілдері қатысады. Көрермен назарына қызықты сұхбаттар мен сюжеттер, әртістердің әуезді қойылымы ұсынылады. Телемарафон кезінде Қазақстандық КИНЭС рекордтар кітабын-да «Мамандығына берілгендер» атты жаңа парақ ашылады. Рекордшы әулет тікелей эфир барысында анықталады.   Телемарафонның мақсаты – еңбексүйгіштік идеясын насихаттау, еңбек адамына лайықты құрмет көрсетуді қалыптастыру.