Ажар Ғиният: Амбулаториялық деңгейдегі қаржыландыру өсті

Ажар Ғиният: Амбулаториялық деңгейдегі қаржыландыру өсті

Бүгін Үкімет отырысында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыруға қатысты Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың баяндама жасады.

Оның сөзіне қарағанда, Республика бойынша МСАК аясында 5617 нысан көмек көрсетеді.

Денсаулық сақтаудың осы бағыттағы жұмысы аумақтық қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, отбасылық қызмет көрсету қағидаты бойынша құрылған. Ол үшін учаскелік дәрігер, үш орта медицина қызметкері, әлеуметтік қызметкер және психолог кіретін учаскелік көпсалалы командалар құрылды – деді Ажар Ғиният.

Соңғы үш жылда елімізде МСАК-ты нығайту бойынша бірқатар шаралар іске асырылды.

Мәселен, амбулаториялық деңгейдегі қаржыландыру өсті, консультациялық-диагностикалық көмекпен қамту 7 есеге, қымбат КТ қызметтерінің қолжетімділігі 9 есеге, МРТ – 6 есеге ұлғайды. Сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі қайта қаралды. Атап айтқанда, кемінде 500 адам тұратын ауылдарда медицина қызметкерлерінің саны бір адамнан үшке дейін ұлғайтылды – деді министр.

Сондай-ақ ол амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемі де өскенін атап өтті.