Депутат: Балық шаруашылығын жаңғырту қажет

Мәжіліс депутаты Сергей Пономаревтің айтуынша, қазір елде 25 ірі және шағын балық өсіретін шаруашылық бар.

Оның төртеуі мемлекет қарамағында. Салада күрделі мәселелер көп, жаңа шешімдер қабылдайтын уақыт келді. Себебі шаруашылықтардың көбінде техникалық база ескірген және су қоймаларының біразы ластанған, - дейді депутат.  

Сергей Пономарёв, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Мен өз депутаттық сауалымда нақты ұсыныстар айттым. Су арналарын тазалайтын кәсіпорын құру керек. Шаруашылықтарда жұмыс істейтін мамандардың жалақысын 2-3 есеге көтеру, қажетті техникалармен қамтамасыз ету маңызды. Сол кезде ғана салада даму болады.