Қазақстандықтардың 80,1% мемлекеттік тілді біледі

Қазақстандықтардың 80,1% мемлекеттік тілді біледі

Қазақстанның 5 жастан асқан тұрғындарының 80,1% қазақ тілін біледі.

2021 жылы жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша еліміздегі 14 миллионға жуық адамның мемлекеттік тілде жазып, сөйлей алатыны дәлелденген. Бұл туралы Талдықорғанда өткен «Ахмет Байтұрсынұлының тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі» атты республикалық семинарда Ұлт ұстазы атындағы Тіл білімі инситутының басшылығы мәлімдеді. Жергілікті халықтың мемлекеттік тілді меңгеруіне тіл оқыту курстары да оң әсер еткен. Жетісу облыстық  «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған шараның мақсаты – тіл білімі ғылымының негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми тұжырымдарын қазіргі тілдік реформамен ұштастыра отырып, тіл оқытудың инновациялық тәсілдерін жетілдіру, - дейді ғалымдар.

Семинарда республикалық Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» байқауының жүлдегерлері ашық сабақ үлгісін көрсетіп, оқытушылар өзара тәжірибе алмасады.

Алмагүл Игенова, Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры:

- Өте қажет деп ойлаймын. Себебі бүгінгі шараның негізгі мақсаты да сол. Соңғы 3 жылда кімдер қалай оқытып жатыр? Өйткені бұл әдістеме деген цифрлық оқытудың заманы болып кетті ғой, күнде ақпарат көп. Біз қазір сараптаймыз, бір-біріміздің оқу-әдістемелік кешендерімізді көреміз, биылғы жылға не жарық көрді, соңғы 3 жылда? Соның бәрін қарап, сараптап, өзімізге керек дүниелерді аламыз.