Қостанай облысында биыл мал азығынан тапшылық болмайды

Ресми мәліметке сүйенсек, осы күнге дейін миллион тоннадан астам шөп, 30 мың тонна сүрлем дайындалған.

Шаруалардың мал азығының мол қорын жасап алуына мемлекеттің қолдауы сеп болды. Осы мақсатқа Қазақстан бойынша арзан 58 мың тонна жанармай бөлінді. Соның 6 мың тоннасы Қостанай облысына жеткізілді. Құрғақшылыққа жиі ұшырайтын Қамысты ауданында да биыл шөп шығымы жаман болған жоқ. Жергілікті шаруалар қыстан қысылмай шығатындай қор жинап алды. Олар қосымша 8 мың гектарға жүгері мен біржылдық шөп еккен. Келер жылы оның көлемін 15-20 процентке арттыруды көздеп отыр.

Жандос Нұржанов Қамысты ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Биыл ылғал мол түсті. Мысалы,соңғы үш айда жауған жаңбыр тиісті нормадан 120 миллиметрге көп. Тамыз айында ғана ылғал мөлшері 11 миллиметр денгейінде болды. Соның нәтижесінде қыста шөптен таршылық көрмейміз.