Алматы облысында логистикалық хаб салынады

«Қашаған» кен орнында жылдық қуаты 700 млн текше метр болатын газ өңдеу зауыты салынады.

Ал Алматы облысында логистикалық хаб бой көтереді. Сондай-ақ ұзындығы 270 шақырым болатын «Бақты-Аягөз» теміржолының құрылысы қолға алынбақ. Бұл жайында Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында айтылды. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов инвестициялық жобаларды іске асыру барысын жауаптылардан сұрады. Ол бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.