Ақтөбеде ауызсу арзандады

Желіні жаңартам деп міндеттеме алып, сол үшін тарифті көтерген монополист уәдесін орындамаған.

Ақтөбеде прокурорлар осыны анықтап, жұрттан алған ақшаны өтеуге мәжбүрледі. Яғни, қала бойынша бекітілген ауыз су тарифінің төмендеуіне ықпал еткен. Жоспар бойынша Сазды ауданының су құбыры желілері 160 млн теңгеге жаңартылуға тиіс еді. Алайда бұл жоба жүзеге аспаған. Күрделі жөндеу жұмыстары атқарылмаған.

Өркен Ещанов, облыс прокурорының көмекшісі:

- Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде сумен жабдықтауға тариф 4,6%-ға, яғни 1 текше метр үшін 93,5 теңгеден 89,2 теңгеге дейін төмендетілді. Осылайша, облыс прокуратурасы Ақтөбе қаласының 152 мыңнан астам тұтынушының құқығын қорғады.