Депутаттар мен БАҚ өкілдері арасында футболдан турнир өтті

Депутаттар да доп тебеді.

Астанада төменгі палата өкілдері мен Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтті. Жарысқа елордадан бөлек бірқатар өңірден командалар келген.

Рухани Асқар, тілші:

- Аймақтардан келген ақпарат құралдарының өкілдері мен депутаттар «Мәжіліс кубогын» сарапқа салу үшін Астана аренаға жиналды. Турнирге жалпы 24 команда қатысты. Отандық масс-медиа мамандары теңбіл доп қуу шеберлігін паш етуге әзірлікпен келген екен. Парламент өкілдері де матч төрешісінен «қызыл карточка» алмауға тырысты.

Мәжіліс кубогы биыл екінші мәрте жалауын көтерді. Алаң иелерімен қатар Алматы, Атырау, Қонаев, Қарағанды, Павлодар,  Түркістан және өзге қалалардың, сондай-ақ, республикалық телеарна мен баспа құрамалары сайысты.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Спорт сүйер қауым, достар, әріптестер, баршаңызды Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың атынан осы үлкен доданың басталуымен шын жүректен құттықтаймын. 00-36 Алыстан ат терлетіп келіп қатысып отырған барлық командаларға ерекше алғысымды білдіремін. 01-31 Бүгінгі турнирдің басты мақсаты табыстыру болып табылады, сондықтан барлықтарыңызға табыс, бірлік тілеймін!

Төменгі палата өкілдері аптасына бір рет болса да футбол ойнайтынын айтады. Депутаттар Игі дәстүр командалық бірлікке шақырады деген пікірде.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бірінші бізді ойынымыз 2022 жылғы чемпиондар Хабар арнасымен түсіп жатыр. Чемпиондармен мәжілісмендердің түскені де біз үшін өте мәртебе. Мәжілістің тарапынан депутаттар, мәжілістің қызметкерлері, аппараттың жұмысшылары, көлік жүргізушілер барлығы қатысып жатыр.

Қатысушы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің саны былтырға қарағанда екі есеге көп. Ойыншылардың көбі жасы 35-40-тан асқан мамандар.

Жандос Айтбайұлы, «Хабар» телеарнасының спорт және трансляциялар бөлімінің басшысы:

- Бұл өте керемет жарыс, керемет болатын себебі, әсіресе мына шалғайдағы журналистер бір-бірін күнде көре бермейді. Жасыл алаңда жан алысып, жан беріскен ойындар өтіп жатыр, жасы да жасамысы да қазір қарап отырмыз.

Жасын Біркенов, "Атырау ақпарат" медиахолдингінің бас директоры:

- Атыраудан, тұтас батыс өңірінен жалғыз команда десек болады, біз ұдайы республикалық сайыстарға қатысамыз. Осы жерге әр түпкірден жиналған журналистермен , әріптестерімізбен кездесіп, танысып, ара қатынасымызды нығайту үшін елдік десек болады.

Ақтық кездесуде Қарекет пен Қазмедиа командалары кездесіп, жетісулықтар Чемпион кубогын иеленді. Жүлделі орындармен қатар, үздік ойыншы, үздік шабуылшы, үздік қақпашы номинациялары табысталды.