Қарағандыда жаңа су арықтары салынып жатыр

Қарағанды қаласында су арықтары еуропалық технология бойынша салынып жатыр.

Жаңбыр жауса, үнемі су астында қалатын қала үшін бұл аса маңызды, дейді мамандар. Себебі қаланың проблемалық аудандарына әлі 10 шақырымдай ағын су өткізетін арық жолы жетіспейді.

Қарағандылықтарды соңғы уақытта кенеттен құйып өтетін жаңбыр суы әбігерге салып жүр.

Әп-сәтте көшенің көл болып кететініне көпшілік арықтардың тазаланбауы себеп деп топшылайды. 

Блиц:

- Бізде құбырға арналған сооружение жоқ бізде. Арықтар жоқ,соны орнату керек. Өйткені кәдімгідей қайық керек болды. Өте ыңғайсыз.

- Оның себебі мына суағарлар, оның барлығы дұрыс тазаланбайды уақытында. Басқа қандай себебі болуы мүмкін? Климаттық жағдай Қарағандыныкі бұрыннан белгілі ғой, қыста да көктемде де жаңбыр болады. Қала бойынша салынып жатқан сияқты суағарлар. Бірақ дұрыс салынып жатыр ма, кім қадағалайды екен соны.

Қарағанды жерінен ертеректе 7-8 өзен аққан. Жаңа ғимараттар мен жолдар салынғандв ағын судың жолы бітеліп қалды. Төлеген Әшімов қазір оларды қалыпқа келтіру бойынша бағдарлама жасап, ағын суды тоғандарға жинау керек деп есептейді. Сарапшы жаңбыр суын да, қар суын да қалауын тауып қажетке жаратуға болады деп отыр.

Төлеген Әшімов "Атамекен" ҰКП жанындағы құрылысшылар кеңесінің басшысы:

- Қазақстанда қазір су тапшы дейді, су тапшы емес Алла бізге беріп тұр. Қыс бойы қар жауады, одан қанша су бар, жауын жауады осының бәрін жинап, тиісті пайдалануға үйренсек ол үлкен сауап болар еді. Су жаңбыр жауды , дағдарыс болып қалдық дейді, қуану керек қайта оны жинап алу біздің міндетіміз.

Суды жинап қайтадан қажетке жарату жоспары бар. Мысалы кеншілер қаласындағы ағын судың басын біріктіріп бір тоғанға жинап, кейін қала саябақтарын суару, көшелерді жууға пайдалану мәселесі қаралып жатыр. Ол үшін бірінші кезекте барлығы қалыпты деңгейде болуы керек. Сол себепті заманауи арық салу жұмысы Қазыбек би ауданында басталып кеткен.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

- Жаңбыр жауып қар еріген кезде қарғын су мен қақтың суынан зардап шегетіндердің бірі осы жеке сектор тұрғындары болатын. Әсіресе жыл сайын көктемгі уақытта бұл аумақ толығымен су астында қалатын еді. Қазір осында 10 шақырымдық арнайы арық салу жұмыстары басталды. Оның беті жабық болады, артықшылығы да сол. Ол 30 тоннаға дейінгі ауыр жүкті көтере алады. Дәл қазір 1 шақырымы салынып біткен егер материал үздікссіз жеткізіліп тұрса, жыл соңына дейін 3 шақырым, ал келер жылы тағы да 10 шақырым арық салынатын болады.

Қарағандыдағы жабық арықтардың мәселесі қазір 90 пайызға шешілген. Ал ашық арықтардың тағдыры беймәлім. Егер жүргізіліп жатқан жұмыстар сәтті орындалса, осындағы 19 көше тұрғындарының көпжылдық мәселесі шешілер еді.  

Рүстем Қожағапанов, қала әкімінің орынбасары:

- Қазір қазан айына дейін толығымен жұмыстарды бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Өзі бұл технология Еуропа елдерінің технологиясы. Сонымен қатар ол асфальтпен бірдей болып, ешқандай кедергі тудырмайтындай етіп жасалған. Бұл жерде диаметр бізде ең кішкентайы 400 ең үлкені 800-дік болады. Ол судың көлеміне байланысты.

Қарағанды қаласының ағын-су арықтар жүйесі кезінде қараусыз қалған. Тек 2017 жылдан бері қалалық әкімдік құжаттарды реттеп өз қарамағына алды. Қазір орталық көшелерге тағы ондаған шақырым арық жетіспейді. Бұл мәселе де осынау әдіспен кезең-кезеңімен шешімін табады.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар