ШҚО-дағы көпір құрылысын қаржыландыру мәселесі шешіле ме?

Шығыс Қазақстанда Бұқтырманың үстінен салынып жатқан көпір құрылысын республикалық теңгерімге өткізу шаралары басталды.

Аталған жобаға қаражат бөлу бойынша кедергілер туындағанын айтқан едік. Өңірде құрылысы тұралаған тағы бір нысан бар. Ол Өскемендегі Гемотологиялық орталық жобасы. 3 жыл бұрын басталған жоба республикалық бюджет теңгеріміне өтуі мүмкін.    

Күршім көпірі туралы көп айтылды. Ескі пароммен жол азабын тартқан жұрт  құрылыс ұзаққа созылатын болды деп қауіптенген еді. Ондай кедергі болғаны рас. Жобаның әу бастағы құны 30 миллард теңге болса қазір екі есе қымбаттады.Артық соманы облыстан бөлу бюджет кодексіне қайшы болып шықты. Сондықтан нысанды республикалық теңгерімге өткізу туралы шешім қабылданды. Жақында облыстық және салалық министрлік тарапынан құрылған комиссия көпір басында болып қайтты

Нұрбек Тұраров, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:

-  Ол комиссия жақын арада көпірді келіп көріп кетті. Құжаттарымен танысып, біраз ескертулер болды. Оның бәрі жойылды+скл 01.09 Осы қазан айының аяғына дейін менің ойымша толығымен рәсімдер аяқталады деген ойдамыз.

Бұл аралықта құрылыс тоқтаған жоқ. Мердігер компания шаруаны өз қаражатымен жалғастырды. Алайда шатқаяқтап қалғаны жасырын емес.   Биыл аяқталуы тиіс кей жұмыстар кейінге шегерілді. Құрылыс материалдарының сапасы да, сақталуы да талапқа сай келмеген жайлар тірлді.

Ержан Усманов, облыстық “ Жол активтері ұлттық сапа орталығының“ директоры:

- Екі талапқа сай келмеген материалдар табылды. Ол малтатас құмды қоспасы. Оны уақытында тапсырыс беруші мен мердігерге хат жолдап, нәтижесінде 132 тонна материал қайта ауыстырылып, қайта жаңадан материалдар салынды, талапқа сай материалдар салынды.

Республикалық теңгерімге өтсе көпір құрылысында кедергілер бола қоймас дейді мамандар. Десек те, Өскеменде құны да ,маңызы да осы көпірден кем емес тағы бір ірі құрылыс қаңырап тұр. Бір жыл бұрын аяқталуы тиіс «Гемотологиялық орталық» та енді республикалық бюджетке өтуі мкін.

Денис Шакенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:

- Бұл орталыққа 71 миллард теңге бөлінді.Осы қаражаттың 30 миллиард теңгесі медициналық құрал жабдық алуға бағытталған.Бүгінгі күні бұл жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыру сұрағы  қарастырылып жатыр. Өйткені Гемотология орталығы негізінен республикалық нысан болып есептеледі.

Бұл медициналық мекеме Өскеменде емес, Астанада салынуы тиіс екен. Бұрынғы әкімнің тұсында салына бастаған нысан елдегі ғана емес, әлемдегі бірегей орталық болады деп жоспарланыпты. Енді солай бола ма,әлде көпбейінді емдеу мекемесіне айналып кете ме, белгісіз.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов