Жезқазғанда бірнеше күннен бері сұйытылған газ тапшы

Қаладағы жанармай құю бекеттері табиғи отынды тек талонмен босатып жатыр. 

Себебі, облысқа газ жеткізетін екі бірдей компанияның жұмысы тоқтапты. Сондай-ақ облыс орталығында отынның осы түрімен жүретін көліктердің  саны да едәуір артқан. Соның салдарынан газ тұтыну көлемін нақты болжау әзірге мүмкін болмай отыр. Әкімдіктегі жауапты мамандар «бұл уақытша қиындық. Көп ұзамай мәселе шешіледі» дейді.

Ұлантай Үсенов, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары:

- Аймақтық ритейлар бүгінгі таңда Қарағанды облысындағы біздің аймақтан кетіп жатыр. себебі, олардың бұл жақта сақтайтын нефтебазалары жоқ. Ол екеуі кеткендіктен бізде 1-ақ ритейлер қалып отыр. Соған байланысты болып отыр бүкіл мәселе. Бірақ оның мүмкіншіліктерін көбейтіп, қосымша газ көлемімен қамтамасыз етеміз. Қазіргі таңда 2 вагоны кешігіп келе жатыр. бүгін ол газ вагондары Жаңаарқа станциясына келді. Кешке дейін келеді. Ертеңнен бастап Жезқазған мен Сәтбаев қаласына тарататын боламыз.