СҚО-да 15 тоннадан астам шаян тәркіленді

Ұйымдасқан топ мүшелері заңсыз әрекетін Мамлют ауданындағы кәсіпорын аумағында жүзеге асырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өнімнің 12 тоннадан астамы қайта өңделген тауар түрінде анықталды. Күдіктілерден мылтыққа арналған 6 патрон, тапанша және оның оғы табылды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі 150 млн теңгені құрайды.