2027 жылға таяу темір жол саласы жасыл технологияға көшуі мүмкін

2027 жылға қарай теміржол саласы жасыл технологияға көшірілуі мүмкін.

Бұл жобаның экологиялық және экономикалық пайдасы мол болады деп жоспарланып отыр. Жүк тасымалын 5 есе көбейту көзделген. Бүгін Халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумда спикерлер Қазақстанды тоғыз жолдың торабы тоғысатын "мидл", яғни "орта" дәлізке айналдыру идеяларымен бөлісті. 25 елден 1 мыңға жуық мейман қатысқан жиында еліміздің транзиттік-логистикалық әлеуетін дамыту туралы сөз болды. Көлік министрлігі, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы және "KazLogistics" көлікшілер одағы ұйытқы болған форумға 6 мемлекеттің көлік министрлігі қатысты. Оның ішінде Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия және Әзербайжан өкілдері бар. Тағы 200-ден астам компания өкілдері "Translogistica" 26-халықаралық көрмесінде өз өнімдерін таныстырып, қызметтерін ұсынды. 

Талғат Ластаев, ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

- Ең маңызды мақсаты бүкіл компаниялар, ресми органдар бірігіп, сол мына транзиттік потенциалды дамыту үшін. Жүк тасымалы, адам тасымалы жыл сайын өсіп бара жатыр. Екі есе арттыру сондай мақсат бар.