Қостанайдағы элеватор алдында көліктер астық тапсыру кезегін тәуліктеп күтіп тұр

Қостанайдағы элеватордың алдында ұзынсонар кезек.

Жүк көліктері астық тапсыру кезегін тәуліктеп күтуге мәжбүр. Оған негізгі себеп астықтың жоғары ылғалдылығы. Диірмендер тікелей алқаптан тасылатын бидайды қабылдамайды. Сондықтан бар ауыртпалық элеваторларға түскен.   Облыста 37 астық қабылдау пункті бар. Олардың жалпы сыйымдылығы 3 миллион тоннаға жетеді.   Соңғы бір-екі аптада күн ашылып, егін орағы қарқын алды. Алайда әбден ылғалға бөккен астықтың биыл сапасы  төмен.

Сапарбек Мұқанов, көлік жүргізуші:

- Мен сағат кеше сағат 10-да келдім. Содан бері тұрмын. Әлі кірген жоқпын. Көбісі мельницалар алмайды. Өйткені 5-класс. Көбісі некласный келе жатыр қазір. Кейде күніне бір рейс істейміз. Кейде бір рейс те істей алмаймыз. Тұрып қаламыз.